Ардагерлер Астанаға аттанды

Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық алаңнан аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов бастаған бір топ аудан басшылары салтанатты жағдайда 60 ардагерді Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шығарып салды. Елордаға аттанған топтың құрамында Ауған соғысының бес ардагері, екі Чернобыль атом электр стансасындағы жарылыс зардабын жоюға қатысушы, екі Семей ядролық полигонындағы жарылысқа қатысушы, аудандағы этномәдени орталықтың екі ардагері және 47 еңбек ардагері мен үкіметтік емес ұйым ардагерлері бар.
Оларды «Жуалы әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық мәслихаттың депутаты Күлбақыт Айтқұлова бастап кетті.
– 10 ардагер облыстық мәслихаттың депутаты Нұрлан Ортаевтың демеушілігімен бара жатыр. Ардагерлердің атынан қайырымды азаматқа үлкен алғысымды білдіремін. Ал басқалары аудандық бюджет есебінен кетті. Бұл аудан басшыларының ардагерлерге деген үлкен құрметі деп білеміз. Елімізде өтіп жатқан халықаралық көрмені өз көзімен көру – кез келген кісінің арманы. Бұл шара тек қазақстандықтардың ғана емес, бүкіл әлемнің назарын аударуда. Сондықтан осындай айтулы оқиғаны өз көзімізбен көруге мүмкіндік тудырған аудан басшыларына алғысымыз шексіз, – дейді аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Жарас Мұратай.
Ардагерлер Тараз қаласындағы темір жол бекетінен «Қызылорда-Көкшетау» пойызына отырды.

Перизат Шымыртайқызы,
журналист.

Жуалы ауданы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>