Боксшы Димаш Ниязов қарсыласын нокаутқа жіберді

Боксшы Димаш Ниязов қарсыласын нокаутқа жіберді

Нью-Йоркте тұратын және сол қалада полицей болып жұмыс істейтін Шымкент тумасы  Димаш Ниязов кәсіби рингте өзінің кезекті айқасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Детройттегі бокс кеші аясында Ниязов бесінші раундта доминикандық Рамон Геварды техникалық нокаутқа жіберді.  Жекпе-жек бірінші орта салмақта өтті.

Бұл  Ниязовтың 11-ші жеңісі  (4-еуі уақытынан бұрын аяқталған), жеңіліп көрмеген, 3 кездесуде тең нәтиже көрсеткен.

Димаш Ниязов 13 жасында отбасымен АҚШ-қа көшіп кетіп, бүгінге дейін сол жақта тұрып жатыр. Қазақстанда боксшы Нұрғали Сафиуллиннің жетекшілігінде жаттыққан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>