Швециялық саяхатшы Қазақстанды түйе үстінде аралап өтті

Швециялық саяхатшы Қазақстанды түйе үстінде аралап өтті

Кристиан Бодегрен есімді Швеция азаматы қазақ жерін  түйемен бір жылда жүріп өткен, -деп хабарлайды «ҚазАқпарат» порталы.

43 жасар саяхатшы Монголиядан кейін, өз сапарын былтыр Алматы облысындағы Лепсі ауылынан бастаған. Бір жылға созылған саяхаты биыл Каспий теңізіне жетіп аяқталыпты.

Кристиан Фэйсбуктегі парақшасына: «Айтып жеткізе алмайтын сезім, мен осы жерлерде болғаныма өзім де сене алар емеспін… Швецияның туын көкке көтеріп тұрып: «Бұл менің қолымнан келді» деп айқайладым. Міне, әйтеуір Каспий теңізіне де жеттім-ау! Бұған бір жыл қажет болды. Қандай саяхат, қандай экспедиция!» -деген жазба жариялаған.

Бодегрен Монголия мен Қазақстан бойындағы алып аумақты, жазық даладағы төрт мезгілді көре алды. Айтуынша, бұл оның өмірін өзгерткен үлкен тәжірибе болыпты.

Ол қыста жалғыз өзі, түйемен ұзақ жолға шыдай алмайтынын айтқандарға өз мүмкіндігін дәлелдегенін айтты. Саяхатшыға біздің елдің мәдениеті мен тұрмысымен танысу өте ұлкен әсер қалдырған.

Сонымен қатар, Кристиан Бодегрен сапары туралы кішігірім фильм түсіріп, ол ұлы дала туралы жаңа мәліметтер береді деп үміттенетінін жеткізді.

Ал бір жылға созылған ауыр экспедициясында швед азаматына жалғыз  жол серік болған түйенің аты Гуллят екен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>