Астана әуежайында «Бек Эйр» ұшағы ұсталды

Астана әуежайында «Бек Эйр» ұшағы ұсталды

2799085a19d1bd283ff8d1ca61c6ed21Құқық қорғау органдары мен көлік прокуратурасының өкілдері Астана әуежайында «Бек Эйр» ұшағын тоқтатты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне »Бек Эйр» әуе компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов хабарлады. Оның айтуынша, ұшақ «Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу» (ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы) бабы бойынша жүргізілетін қылмыстық іске байланысты тоқтатылды. Оның айтуынша, ұшақ сағат 23.30-да Астанадан Ақтөбеге ұшпақшы болды, алайда 40 минуттан соң ол қайтып ұшып келген. «Шасси тағанын алып тастамағаны жайлы белгі келді. Экипаж шассиді қайта шығарып, әуежайға оралу туралы шешім қабылдады», — деді компания басшысы. Оның айтуынша, жолаушылар басқа бортпен кетті. Осыдан кейін ұшақты Алматыға техникалық тексеріске жіберу жоспарланған. »Астана әуежайында ештеңе жоқ — қажетті техника да, шасси көтергісі де», — деді Жұмасұлтанов. Жұмасұлтановтың айтуынша, ұшақ Астанадан Алматыға техникалық рейспен ұшып кетуі керек болған. Бортта ол кезде тек экипаж мүшелері болған, жолаушылар жоқ. Сондай-ақ, »Бек эйр» компаниясының Алматыда Fokker 100 ұшағының техникалық қызмет көрсетуін тексеруді жоспарлағаны айтылады. Олар ҚР СІМ авиациялық оқиғаларлы тергеу басқармасынан рұқсат алған. Айта кетейік, ұшақ капитаны - Дмитрий Родин. Ол былтыр ұшақты бір шассисіз қондырған еді. Осыған байланысты Родин «Халық Қаһарманы» атағын алған болатын. Бірақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұшақтың ұшып кетуіне рұқсат бермеді. Ұшақ мөрленген. »Полицейлер мен прокурорлар келді. Олар мені ұшақтан шығарып тастамақ болды. Мен осы ұшақпен кетуді жоспарлаған болатынмын», — дейді ол. Оның айтуынша, Дмитрий Родин бос ұшақпен Алматыға ұшып кетуі керек болатын, бірақ ол жоспарлардың өзгеруіне байланысты басқа бағытта ұшып кеткен. Полицейлермен болған жағдайдан кейін Жұмасұлтановтың қолы. © Нұрлан Жұмасұлтанов Салдарынан Алматы-Атырау рейсі кешіктірілген. Себебі компанияның осы бағытта тек бір ұшағы болған. »Түнгі сағат 2-де ұшып кеткенімде жұмыс кестесі бұзылмас еді», — дейді Нұрлан Жұмасұлтанов.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>