Microsoft: Кибершабуылға АҚШ-тың қатысы болуы мүмкін

Microsoft: Кибершабуылға АҚШ-тың қатысы болуы мүмкін

Майкрософт президенті Брэд Смит аптаның соңында бүкіл әлемді дүр сілкінткен кибершабуылға АҚШ-тың қатысы бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, WannaCrypt деп аталатын компьютерлік вирус Ұлттық қауіпсіздік қызметі (NSA) деректерін пайдаланған. Брэд Смит өз блогында әлем басшыларын кибершабуылға қарсы біріге әрекет етуге шақырды.

Оперативті жүйенің «кемшіліктерін мемлекет тарапынан жинастырудың неліктен зиян екенін осы шабуыл көрсетіп берді», – дейді Брэд Смит. «ЦРУ топтастырған кемшіліктердің WikiLeaks-та жарияланғаныа куә болдық. Енді, NSA-дан ұрланған кемшіліктер әлем бойынша қолданушыларға өз зиянын тигізіп жатыр».

WannaCrypt вирусы өткен аптада, 12 мамыр күні таралды. Әуелі Испанияда кездескен бұл кибершабуыл көп ұзамай әлемнің түкпір-түкпіріне жайылды. Бүгінге дейін әлем бойынша 150 елге таралып, 200 000-нан астам компьютер аталған зиянды бағдарламаның зардабын тартып отыр. Вирустан зақымданғандар қатарында Ұлыбританияның Денсаулық сақтау жүйесі (NHS), Ресей Ішкі істер министрлігі секілді алпауыт мекемелер де бар.

Вирус Microsoft Windows оперативті жүйесін пайдаланатын компьютерлерге шабуыл жасайды. Ақырында компьютер жұмыс істеутін тоқтатып, бүкіл файлдар шифрланады. Зақымданған компьютердің экранына «биткойн» арқылы мөлшері $300 ақы төлеу міндеттеледі. Бұл талап 7 күн ішінде орындалмаса, бүкіл деректер өшіріліп кететіні жазылған. Ең қызығы, вирустың ескертпесе бірнеше тілге аударылған екен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>