Адаммен тілдесетін алғашқы көлік

Адаммен тілдесетін алғашқы көлік

Toyota компаниясы  CES 2017 көрмесінде өзінің Yui деп аталатын ақылды машинасын таныстырды. Презентацияда болашақ автомобильдің толық сипаттамасы айтылған жоқ. Компанияның айтуы бойынша болашақта көлік тек тасымалдау құралы ғана емес,  адамдармен де тілдесе алатын болады.

Борттық компьютер сенсорлар мен камераның көмегі арқылы жүргізушінің көңіл-күйін, мінез-құлқын, келбетін және жүргізу стилін анықтап отырады. Көлік адамдармен сөйлесіп, оларды қарсы алуға, кеңестер беруге үйренеді. Сонымен қатар, Yui деп аталатын  ақылды көліктер бір-бірімен «сөйлесе» алады. Yui көлігі тек жүргізушімен сөйлесіп қана қоймайды, жүргізу кезінде көмекші қызметін атқарады. Жол апатының алдын алу жолдарын үйретеді.

ақпарат көзі: hi-tech.mail.ru

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>