Қазақстан Президентінің сайлауы 26 сәуірде өтетін болды

Қазақстан Президентінің сайлауы 26 сәуірде өтетін болды

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуіріне белгіленді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған үндеуінде айтты, үндеу СТВ телеарнасынан трансляцияланды. 

«Бүгін мен Парламент Сенаты мен Мәжілісінің жетекшілерімен, ҚР Премьер-министрімен және ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасымен консультациялар өткіздім. Президенттік және парламенттік сайлаулардың күнтізбелік мерзімі 2016 жылға сәйкес келеді және іс жүзінде бірігіп кетеді. Конституция бұған рұқсат етпейді. Менің конституциялық өкілеттігім де 2016 жылы бітеді», — деді Назарбаев.

Оның айтуынша, халық екі ұсыныс айтып жатыр — Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізу және Президенттің өкілеттігін ұзарту жөнінде референдум өткізу. «Екі ұсынысты да іске асыруға болады, бірақ анағұрлым дұрысы — Конституция талаптарына сай келетіні — сайлау өткізу. Сондықтан халықтың мүддесі үшін, олардың маған арналған ұсынысын ескере отырып, көпшіліктің еркі бойынша, негізгі заңды мүлтіксіз орындау мақсатында мен Конституцияның 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес, кезектен тыс президент сайлауын өткізуді 2015 жылдың 26 сәуіріне белгілеу туралы Жарлыққа қол қойдым», — деді Назарбаев.

Елбасы өзінің алдағы сайлауға қатысуы туралы шешімді Конситуция мен елдің заңдарына сәйкес сәл кейінірек қабылдайтынын айтты.

«Мемлекеттің тыныштығы мен елдің бірлігін сақтап, дамыту Президенті бастап, елі қостаған кезде ғана баянды болмақ. Жауапкершілік бүкіл халыққа да жүктеледі. Осыны ұмытпайық. Алдағы биік белестер мен асқар асулар үшін біз барлық кедергілерді бағындырып, алға басуға тиіспіз. Құзырлы органдар Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасы еліміздің Конституциясына және Сайлау туралы заңға сай деген қорытынды шығарды. Мен сайлауға қатысты «иә» мен «жоқты» мұқият ой таразысына салдым. Сөйтіп, кезектен тыс Президент сайлауын өткізген жөн деген пайымға келдім. Сайлау елімізді ұлы істерге ұйыстырып, баянды болашақ жолында біріктіре түсеріне сенемін. Қазақстандықтарды ел тарихындағы тағы бір тағдырлы оқиғаға жауапкершілікпен қарап, белсене қатысуға шақырамын», — деді Мемлекет басшысы.

 

Еске сала кетейік, 14 ақпан күні Қазақстан халқы ассамблеясының Кеңесі өз отырысында Қазақстан Президенті сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы азаматтардан келіп түскен көптеген өтініштерді бірауыздан қолдап, бұл туралы бастама көтерген еді. Ассамблея Кеңесі мүшелерінің пікірінше, әлем экономикасындағы дағдарыстың өршіп тұрған жағдайында кезектен тыс президент сайлауын өткізу республикаға «Нұрлы жол» бағдарламасы мен ел дамуының ұзақмерзімді даму басымдықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастаманы Қазақстан Парламенті қолдады, Мәжіліс пен Сенат депутаттары Мемлекет басшысына сайлауды өткізуге келісім беруді сұрап, өтініш жолдады. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңестен республика Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағын ресми түсіндіріп беруді өтінді, бұл тармақта Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу мәселелерін регламенттеледі. ҚР Конституциялық кеңесі Президенттің кезектен тыс сайлауды тағайындауына еш кедергі жоқ екенін мәлімдеді. Елбасының Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы шешім қабылдауына республика Конституциясы қандай да бір шарттар мен шектеулер қарастырмайды. »Мұндай сайлау тағайындау туралы шешім қабылдағанда Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-тармағында қарастырылған Қазақстан Президентінің сайлауы мерзімі жағынан республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс деген ереже ескерілуі керек», — делінген Конституциялық Кеңестің Сенатқа қайтарған жауабында.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу мүмкіндігін Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталары спикерлерімен бірге талқылады. Мемлекет басшысы бұл бастаманы ел-жұрт, соның ішінде еңбек ұжымдары мен қоғамдық бірлестіктер мүшелері, зиялы қауым, жастар және аға буын талқылап жатқанына тоқталды. «Бастаманы Парламент палаталары да қарап, қолдау білдірді және маған тиісінше үндеу жолдады. Парламент Сенатының сұрауы бойынша Конституциялық Кеңес осы мәселе жөнінде нормативтік қаулы қабылдады», – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президенттік сайлау өткізу мүмкіндігі жөнінде ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен және Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Роговпен де кеңесті.

ақпарат көзі tengrinews.kz

19 comments

  1. Д9рыс болды. Кейбіреулер қарсы пікір айтқанымен, бәрібір келесі жылы да болатын сайлау ғой. Бір жыл бұрын не кейін не… Назарбаевтың бастаған бағдарламаларын аяқтауға мүмкіндік беру керек! Әсіресе тұрғын үймен қамту, кәсіпкерлерді қолдау сияқты мәселелер енді жолға қойылып, жүзеге аса бастағанда аяқсыз қалмау керек. Елбасына бүкіл қазақстандықтар қолдау білдірейік!!!

  2. Елбасымыз жасасын! Денсаулығы барда мемлекетті басқарып, Қазақстанды бүкіл әлемге таныта берсін! Ынтымақтың, достықтың ұйытқысы болған Н. Назарбаев әлі бізді дамыған елдердің ең алдыңғы қатарына қосады!!! Біздікіне жетер Президент жоқ!!!

  3. «Ақ жол» газетінің сайты облысымыздағы ең жедел сайттардың біріне айналып келе жатқаны қуантады. Елбасы өз шешімін кеше 25 ақпанда жариялағанын кешкі жаңалықтардан көргеніміз сол, дәл сол күннің кешкісін бұл материал газеттің сайтында да тұр. Сайттар осылай күн демей, түн демей жедел жұмыс істеуі керек деп ойлаймын. Облыста бұл жағы кемшін түсіп жатыр негізі. Сол кемшілікті «Ақ жол» алғаш болып қолға алып отыр екен. Бұл басшылық құрамының жаңашыл, креативті екенін көрсетеді. Заман көшінен қалмау керек! Істеріңізге сәттілік тілеймін! Елбасымыз жасай берсін! Сайлауға біркісідей атсалысайық!

  4. Келесі жылы екі сайлауды бірдей өткізу шынында қиынға соғады. Нұрсұлтан Әбішұлының бұл шешімі өте дұрыс. Алысты болжайтын Елбасымызға елі болып демеу беруіміз керек! Елімізде басқа лайықты кандидатура да жоқ. Қазақстан көркейе берсін!

  5. Босағамыз берік, еліміз тыныш болуы үшін Бізге Назарбаевтай президент керек. Дәл қазіргі дағдарыс кезінде Нұрсұлтаннан артық президент ішкі, сыртқы саясатты бірдей дұрыс жүргізіп отыра алуы қиын. Сайлауда бірауыздан Елбасыға дауыс берейік!

  6. «Жер бетінде саны қанша миллион болса да, туын тігер ұлтарақтай жерді, ұрпағына мирас етер елді аңсаған ұлттар қаншама». Н.Назарбаев. Осыны ұмытпайық, ағайын!!!

  7. ХХІ ғасыр — Қазақстанның жұлдызды ғасыры болатынына сенемін!

  8. Бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда осы күнге дейін сенім үдесінен шығып келе жатқан Елбасына сенбегенде, кімге сенеміз? Біз тарихи әділеттілік пен уақыт байланысын қалпына келтіріп, халқымызды тату-тәтті тірлікке бастай білген Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге егемен Қазақстанды әрі қарай күшейтуді жалғастырайық дегім келеді.

  9. Мен Қазақстанда, қазақ жерінде туылғаныма қуаныштымын, мың мәрте ризамын. Нұрсұлтан Назарбаев Президентіміз болғанымен бізге жастарға атамыздай көрінеді. Сондықтан Нұрсұлтан атаны ел кезекті мәрте сайлайды деп айта аламын. Өйткені ол кісінің еңбегі өте зор. Еліміз мықты мемлекеттер қатарына қосылды. Әсем ғимараттармен толтырып Астананы тұрғызды. Елбасымыз аман болсын!

  10. Ләйлә Қожагелдиева

    Қазіргі уақытта Президент сайлауын өткізіп алу, мемлекетіміздің жаңа тынысын ашып, жақсы өзгерістерге жол бастайды. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген халқымыз. Нендей құбылыс болса да бірліктің бәсі жоғары.

  11. Нұркен Мырзаев

    Тәуелсіз еліміз гүлденіп, көркейе берсін! Мемлекетіміздің қарыштап дамуы жолында аянбай еңбек ете берейік!

  12. «Мемлекеттің тыныштығы мен елдің бірлігін сақтап, дамыту Президенті бастап, елі қостаған кезде ғана баянды болмақ. Жауапкершілік бүкіл халыққа да жүктеледі. Осыны ұмытпайық. Алдағы биік белестер мен асқар асулар үшін біз барлық кедергілерді бағындырып, алға басуға тиіспіз». Иа, Елбасының осы сөзінің жаны бар. Қай бастамада болсын бар жауапкершілікті Елбасымызға артып қойып, қарап отыра бермей ел де өз тарапынан әрекет ету керек. Нұрсұлтан Әбішұлын ел болып ел басшылығына сайлайық!

  13. Елбасының барлық бастамасын қолдаймыз. Қолдамайтындар өз қолдарында бар алтынның қадірін білмейтіндер

  14. Мырзахан Мамыртаев

    Наурыз айында біздің Таразға келеді екен ғой Президент.

  15. Айжан Әбілова

    Соншама жұмысты атқарып, тоқтаусыз жол жүруге қалай күш-қуаты жетеді екен. Аман болсын!!!

  16. Нұрлан Бақытбекұлы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылы

    Елін сүйген ер болса, ол – Ел­басы. Мемлекетіміздің тәуел­сіздіктің тал бесігінде тербеті­луі, күні бүгінге дейінгі қол жет­кізген толайым табыстары, мамы­ражай тірлігі, әлденген әлеуеті, қарыштаған экономикасы – Елбасының бірегей батыл ше­шімдері мен саясатының жемі­сі. Еліңді сүйсең, ерлік істей­сің, деген. Біз халқы үшін талай тәуекелге барған Нұрсұлтан Әбіш­ұлының мәрттігін ерлікке балай­мыз. Өйткені, Елбасы мемле­кетіміздің қанат жаюы жо­лын­да жанкешті еңбек етті. Елі­міз­дің саяси беделін көтере білді.

  17. Қазақстандықтар әрқашан Назарбаевпен бірге! Сайлауда отбасымызбен, туған-туыстарымызбен тек Назарбаевқа дауыс береміз! Барлықтарыңызды солай етуге шақырамын!!!

  18. Еліміз Елбасымен бірге жайнап, көркейе берсін! Қазір әлемдік аренада Нұрсұлтан Әбішұлына тең келер саясаткер, тұлға, президент жоқ! Сол үшін бәріміз бірігіп, сайлауға қатысайық.

  19. Асқар Айбеков

    Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>