Тылсым дүние

Америкалық бала суретке кімді түсірген?

АҚШ-та Даун синдромымен ауыратын жеті жасар Ашер Лайлзтың анасы телефоннан баласы түсірген ерекше сурет тауып алды. Кэрри Лайлз Вашингтоннан Хьюстонға ұшқан кезінде баласына ұялы телефонын берген. «Үйімізге қайтып бара жатқан едік, балам иллюминатордан суретке түскісі келді. Ондаған кадр түсірген балам ұялы телефонды қайтарып берді. Кейін суреттерді өшіре бастадым, себебі сақтау жадысында орын аз қалған. Өшіріп отырып, бір ерекше суретке көзім ...

Read More »

Мәйіті бүлінбеген Мәшһүр Жүсіптің жұмбағы неде?

Атақ-даңқы алты алашқа жайылып, әулие атанған қасиет иесі – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Ғұламаның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеумен келе жатқан өз ұрпағы Әсет Пазыловтың еңбектеріндегі мынадай мәліметтерді alashainasy.kz сайты жариялапты. Мәшһүр Жүсіптің денесінің 21 жыл ашық жатуы – әлі күнге дейін жұмбақ. Мәшһүр Жүсіп үлкен баласы Шәрәпиденге: «Мен өлгеннен кейін қырық бір жылға дейін денем бұзылмайды. Тірі адам көзі көреді, ...

Read More »

Қалай жатып ұйықтайсыз?

Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у) өсиетіне сай мұсылман адам ұйықтағанда оң қырымен жатады. Ғалымдарда адам осылай жатқанда оның ағзасына пайдалы болатынын анықтаған. Нақтырақ айтқанда, адам оң бүйірімен жататын болса, оның миы күні бойы жиналған улы заттардан тазарады. Яғни, осылай ұйықтаған адам миының улы заттардан тазару тиімділігі он есе артады екен. Сондай-ақ, глифматикалық жүйесі (мидың қан тамырларының айналасында шоғырланған түтікшелер кешені) белсенді жұмыс ...

Read More »

TOYOTA ұшатын автокөлігі

Жапондардың Toyota концерні Cartivator деп аталатын келешегі зор жобаға 350 000 доллар құятын болды. Яғни, ұшатын автокөлік күншығыс елінің астанасы – Токио қаласында 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарының алауын жағатын болады. Концерннің жас мамандарының Cartivator жобасымен айналысып жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Қазіргі уақытта аталмыш жоба концерн басшылығы тарапынан нақты қолдау тауып отыр. Яғни, Олимпиада басталғанша үш жыл бойы аталмыш ...

Read More »

Астың бетін ашық тастама

Ертеде бір кейуана болыпты. Ол аяғы ауыр әйелдердің босануына жәрдемдеседі екен. Әйелдер «қолы жеңіл» деп, оның алдына жиі келіпті. Бір күні түн ортасында есігін біреу қағады. Кейуана есікті ашса, ешкім жоқ. Кемпір «қағыс естіген шығармын» деп, төсегіне қайтып келіп жатады. Бірақ оқиға дәл осылай екі рет қайталанады. Үшінші ретте есік алдында тұрған ақбоз атты кісіні көреді. Түр-тұрпаты бөлек, өзгеше екен. ...

Read More »

Қазақстандық студенттер диагноз қоятын қолғап ойлап тапты

Қазақстандық оқушылар бірегей қолғап ойлап тапты. Ол биологиялық белсенді нүктелер арқылы алты сырқатқа диагноз қоя алады. Назарбаев интеллектуалды мектебінің химия-биологиялық бағытта оқитын студенті Әлімжан Кенесбековтің айтуынша, аппарат жоғары немесе төмен артериалды қысымын, бассүйектегі қан қысымын, панкреатит, гастрит және бронхитті анықтайды. Ал нәтижесін смартфондағы арнайы қосымшаға шығарады. «Құрастырылған прототипқа 30 доллардан аз қаржы кетті. Себебі, оған мектептегі бар ресурстарды қолдандық. Құрылғыны ...

Read More »

О дүниенің қақпасы бар ма?

Ағамның қызын жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетіп, жансақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлерге жаутаңдап, аурухана есігін күні-түні күзетіп жүрдік. Араға апта салып, әрең дегенде ес жиған кездегі сіңлімнің ең бірінші сұрағы: «Атам мен әжем қайда?» болды. Немеренің үлкені болған соң, атасы мен әжесінің қызы еді. Бірақ олардың о дүниелік болып кеткеніне де біраз жыл болған. Біз не дерімізді білмедік. Өйткені, бірдеңе ...

Read More »

Алып адамдар болған ба?

Археологиялық қазбалар мен сүйек қаңқалары алыптардың болғанын жоққа шығармайды. 1821 жылы АҚШ-тың Теннесси штатында кұлаған тас қабырғаның астынан археологтар екі адамның қаңқа сүйегін тапқан. Бойы – 2 метр 15 сантиметрлік адамдар осында жерленген болып шықты. Алайда «мұндай бойшаң жігіттер өмірде бар ғой» деп ол уақытта ешкім де таңырқай қоймаған. Алайда 1879 жылы Висконсинеде, 1883 жылы Ютада, 1885 жылы Пенсильванияда табылған ...

Read More »

Айнаның тылсым күші жайлы не білесіз?

Қазақ халқының ырымында «Айнаны ашық қалдыруға болмайды» деген ұғым бар. Бұл ырым тектен-текке айтылмаса керек-ті. Өйткені, одан басқа әлеммен байланыс жасалады деген ұғым қалыптасқан. Сондықтан үлкендер түнге қарай айнаның бетін жауып жүруді тапсыратын. Шындығында, кейкезде сол айнаға қатысты тосын жайларды құлағымыз шалып қалады. Түннің ішінде айнаның ішінен белгісіз адамның сұлбасын көргендер де бар. «Қорыққанға қос көрінеді» дегенмен, сол көрініс бірнеше ...

Read More »

Әруақтармен тілдескен Авраам Линкольн

Әруақтармен тілдескен Авраам Линкольн

АҚШ-тың он алтыншы Президенті Авраам Линкольннің тылсымға толы өмірі ешкімді бейжай қалдырмаса керек. Саясат сахнасында айтулы орны бар, бүкіл құрама штаттарды билеген оның елестер мен өзге планеталықтарға, өлілер рухы мен вампирлерге сеніп, тіпті олармен «байланыс» орнатқанын көпшілік біле бермес. Өмірі мистикаға толы оның өлгеннен кейін де «Ақ үйді» кезіп жүрген елесі мен «қаралы отарбасы» жайлы аңыз әңгімелер жетерлік. Сонымен, әңгіме ...

Read More »