Шөкеңнің шошаласы

Тарихи тұлғаларды ұлықтау – ұрпақ парызы

Қосы батыр есімін  ауылға беруді көпшілік қолдап отыр «Ақ жол» газетінің 13 маусымда жарық көрген санында облыстық мәслихат депутаты, Алматы облысы мен Шу ауданының Құрметті азаматы Дәулетбай Есімбековтің «Қаһарман Қосы батыр ұлағаты» атты мақаласы үлкен мәселені көтеріп отыр. Мақалада айтылғандай, Қосы батыр – жоңғар шапқыншылығы кезінде шешуші шайқастарда айрықша көзге түсіп, қазақ жері мен елі және болашақ ұрпағының бақыты үшін ...

Read More »

Бизнесменнің махаббатыМен бір қызбен таныстым, Аты-жөні – Оймақ. Мен секілді бұ қыз да Болып шықты бойдақ! Сағыз сатып әперсем, Тастайды лезде шайнап. Шайнағанда көздері, Кетеді оттай жайнап. Он сиыры бар екен, Айтып берді сайрап. Бизнесмен болды өзімдей, Сатады екен қаймақ. Қысқасы жүрек сезімім Ортекедей ойнап, Тереңге кетті бойлап. Кемшілігі жалғыз-ақ, Аяғы сәл-пәл маймақ. Біледі екен өзі де, Түсіндірді жәйлап. Көп көтеріп ауыр қаймақты, Болыпты содан маймақ. Бұл міні маған түк те емес, Менің де аяғым маймақ. Ауыр сөмке қаптарды, Көтеріп жылдап, айлап, Аяқтарым содан маймақ. …ЗАГСКЕ, міне келеміз, Екі маймақ маймаңдап, Жаз күніндей жайраңдап. Елдің бәрі мәз-мейрам Екеумізге қайран қап…

Мен бір қызбен таныстым, Аты-жөні – Оймақ. Мен секілді бұ қыз да Болып шықты бойдақ! Сағыз сатып әперсем, Тастайды лезде шайнап. Шайнағанда көздері, Кетеді оттай жайнап. Он сиыры бар екен, Айтып берді сайрап. Бизнесмен болды өзімдей, Сатады екен қаймақ. Қысқасы жүрек сезімім Ортекедей ойнап, Тереңге кетті бойлап. Кемшілігі жалғыз-ақ, Аяғы сәл-пәл маймақ. Біледі екен өзі де, Түсіндірді жәйлап. Көп көтеріп ...

Read More »

Бизнесменнің махаббаты

Бірде ауылдың айтқышы Үмбеттің үйіне бейтаныс дауыс иесі қоңырау шалып хал-жағдай сұрасып болған соң: «Осы Бекеттің үйінің телефон нөмірін айтып жіберші, «соткасын» алмайды депті. Арғы жақтағы дауыс иесінің кім екеніне назар аудармаған Үмекең: «Өй, оның телефонын менен емес, «әруақтелекомнан» сұрасаңшы. Менің ол жақпен байланысым жоқ еді» депті Бекеттің қайтыс болып кеткенін меңзеп. Нұрсұлтан Нияз.

Read More »

Орындықтардың «жаулары» кім осы?

Саябақтарды саялап жүргенде сынған орындықтарды көзіміз жиі шалатыны бар. Негізі жасыл қаланың тұрғынымыз деп мақтанғанда алдымызға жан салмаймыз. Аллеялар мен саябақтарда жұрт серуендеп жүргенде демалу үшін қойылған орындықтарға кім жау? Төмендегі суретте Сүлейменов көшесіндегі аллеядағы орындықтың қазіргі сиқы. Бірінің ағашы сынған болса, енді бірінің тіреуіш темірі майысқан. Құзырлы мекемелер осыған назар аударса деген тілек бар…

Read More »

Шымбайың шындық айтсаң күйеді екен…

Астынан алты қабат ала бұлттың, Сонаға соқа шегіп дала жырттым. Суғардым сол даланы сел-сел ғылып, Ішінен су шығарып қарақұрттың. Бір күні бір агроном Үркерден кеп, Кім сені бұл жұмысқа итерген деп. Мұртымен қарақұрттың ұрып жықты, Қарақұрт «Қызыл кітапқа» тіркелген деп. Сонан соң ешкі бақтым еңіретіп, Ешкілер бұзау туды мөңіретіп. Бұзаулар батыр болсын дедім-дағы, Қасқырмен қоса бақтым серік етіп. Еңбегім бағаланып ...

Read More »

«Емтихан»

Менің Жұмабек деген ағамның бір басына жететін қырсықтығы бар. Ертеректе жеке меншік оқу орындарының біріне сырттай оқуға құжат тапсырып, жасы ұлғайғанда студент атанған болатын. Ақылы бөлім ғой. Содан жаңа жылдың алдында үйіне әлгі оқу орнынан «Пәлен күні қысқы емтихандар басталады» деген хат келіпті. Атақты көк костюм-шалбарды киіп (өзінің айтуы), аппақ «Джипті» мініп, Жұмекең айтылған күні университетке жетіп барған ғой. Барса, ...

Read More »

Бір еркектің көз жасы

– Аға, анаңыз жайлы айтыңызшы, – деген журналист қыздың сұрағынан кейін еркек солқылдап жылап қоя берді: – Анашым-ай! Анашым-ай! Аяулы анам-ай! Мынадай күтпеген жылаудан кейін тіпті, журналист қыздың өзі сасқалақтап қалды: – Аға, сізге не болды?! Қойыңыз! Үйді басыңызға көтергеніңіз не? – Қоя алмаймын, қалқам, қоя алмаймын. Анашымды есіме салып жібердің. Енді қоя алмаспын, қарағым. – Анаңыздың жасаған жақсылықтары есіңізге ...

Read More »

Есектің арызы

Мені жұрт ақымақ дейді, Орынсыз ақырады дейді. Мастарды да, маубастарды да, Есек дейді, Сонда олар бізді, Кім деп есептейді?! Онсыз да шаршап, өліп жүрген, Қиындыққа көніп жүрген, Тағдырдың салған қорлығын, Егеміздің зорлығын, Күндіз-түні көріп жүрген, Не жазығы бар еді, Біз сияқты сорлының?! Етіміз арам десек те, Бой ұрмаймыз бос мақтан мен өсекке, Еш тірлікте салынбаймыз есепке, Қанша жұмыс ауыр болса ...

Read More »

Жазушы – бойжеткен қыз емес

Белгілі жазушы Қабдеш Жұмаділовтің жаңа хикаятын журналдан оқыған таныс әдебиетші жазушыға хабарласып: – Қабеке, мына шығармаңыздың тұздығы тым ащылау көрінеді. Төрде отырған төрелер ұнатпай қалып жүрер ме екен?! – депті өзінше жанашырлық танытып. Сонда Қабекең: – Ұнатпаса қайтейін? Жазушы бойжеткен қыз емес қой, көрінгенге ұнағысы келіп тұратын! Бет-бейнесі қисық жандар айнаға өкпелемес болар, – деп жауап беріпті.

Read More »

Балдыз бен жездеке

Бір жиналыста Сырбай Мәуленовтің жасаған баяндамасына академик Мұхамеджан Қаратаев мін таға сөйлей келіп: – Мен Сырбай балдыз болған соң батыра айтып отырмын, – депті. – Мұқа, бұл балдыздар мен жезделердің жиналысы емес қой, – деген екен Сырбай.

Read More »