Әлеумет

Құс қайтар кез таяу

Шақпақаталық орнитологтар жұмыстарын бастап кетті Белгілі ақын Е. Раушанов өзінің «Құстар – біздің досымыз» деген кітабында «Еренқабырғаның (Тянь-Шаньнің) бір белі – Шақпақ асуы Тараз бен Шымкенттің бел ортасында көлденең жатқан көркем тау» деп сипаттайды. Міне, осы Шақпақтың өзіне тән ерекше желі бар. Ғалымдар оның секундына 30-40 метрге жететінін есептеп шығарған. Кейде электр бағанын да баудай түсіріп, шатырды жұлып әкетіп жатады. ...

Read More »

ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН қайраткер

ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ  БӨЛЕНГЕН қайраткер

«Билікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым, қайтып ашар есігімді қатты жаппадым. Панаң да ел, данаң да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім». Дінмұхамед Қонаев. «…1993 жылдың 22 тамызы күні Д.А. Қонаев өзі жақсы көретін азаматтың бірі болған – Мұхаметжан Тынышбаевтың 115 жылдығын атап өтуге Алакөл ауданына барған жерінде ойда жоқта оралмас сапарға аттанды. 1992 жылы «Правда» газетінде, Өзбекстан Республикасы ...

Read More »

Қой қырқудың хас шебері

Қой қырқудың хас шебері

Мойынқұмның маң даласы тылсым сырларға толы. Талай тарланның туып-өскен топырағы бұл. Олар сан салада еңбегімен, ерлігімен, ізденісімен танылып, өмір өрінде айшықты із қалдырды, қалдырып та жүр. Солардың бірі әрі бірегейі, кезінде қойды жедел қырқудан бірнеше дүркін республика чемпионы атанған, Мойынқұмның шоқ жұлдызы Шотай Тайбағаровты біреу білер, біреу білмес. Тек оның ғұмыры тым қысқа болғаны өкінішті! Туған інісі Тобағабыл «Арамызда болса, ...

Read More »

Қонаев пен Момышұлы

Қонаев пен Момышұлы

НЕМЕСЕ «ЛЖЕМАРШАЛ» МЕН «МАРКИЗДІҢ» ҚЫСАСТЫҒЫ Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы дүркіреп өткелі жатқан тұста Алматыдан осы қуанышқа арнайы шақырылған бір ардақты ағамыздың қазақ халқының мақтанышына айналған тағы бір тұлғасы — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев марқұмның әруағына тілі тиіп кетті. Бірақ ол кісі өйтті екен деп жиылған жұрт, әрине, шала бүлінген жоқ. Шала бүліну — дауласу, ...

Read More »

Қауіпсіздікті сақтау қашан да маңызды

Брифингте облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары, балалардың отпен ойнауы және шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздігі, демалыс кезіндегі ата-аналар жауапкершілігі мәселелері басты әңгіме арқауы болды. Бұл туралы аталған департамент басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Сабиров кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, облыс аумағында ағымдағы жылдың жеті айы ішінде 508 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелген. Яғни ...

Read More »

Меркі – менің мерейім

Меркі – менің мерейім

Облыстық БАҚ өкілдері ауданда өткен баспасөз турын аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі экспонаттармен, тарихи-мәдени жәдігерлермен танысудан бастады. Өңірдің алтын қазынасын көзінің қарашығындай сақтап, аялап ел игілігіне ұсынып отырған мекеменің ғылыми қызметкері Айман Жүрсіналиева журналистерге ауданның жер көлемі, өткені мен бүгіні жөнінде тарата айтып берді. Үлкен алты залдан тұратын екі қабатты музей ғимараты 2010 жылы күрделі жөндеуден өткізілген екен. Айрықша құнды, аса бағалы ...

Read More »

Аралқыстақ тұрғындарының көптен күткен қуанышы

Аралқыстақ тұрғындарының көптен күткен қуанышы

Андас батыр ауылдық округіне қарасты Аралқыстақ елді мекенінде жақында 50 орындық жаңа мектеп ашылады. Бұл ауыл тұрғындары көптен күткен қуаныш еді. Аралқыстақтағы бастауыш мектептің іргесі үгітіліп, қабырғасы мүжіліп, төбесінен су өте бастағалы біраз болған. Аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков өткен жылы қызметке жаңа тағайындалған шақта елді мекендерді аралап, осы мектептің жай-күйін көргеннен кейін ауыл ақсақалдарының өтініштерін ескеріп, оқушыларды көрші елді мекендегі ...

Read More »

Жүректің қуаты

Жүректің қуаты

 Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.  Ел іші ғой.  Адамдар бір-бірін таниды. Кімнің кім екенін айыра алады. Жақсы біледі. Алақандай Тараз қаласында адамдардың барлығы бір-біріне жақын туыс, қимас бауыр сияқты мейірбан жүрекпен, әдемі де сүйкімді сыйластықпен өмір сүреді. Қазақ ағайынға, әсіресе, оңтүстік өңірге тән бітім-болмыспен тіршілік кешудің табиғи қалыптасуы, әлбетте бір күн, бір ай немесе бір жылдың еншісіндегі кезеңдермен ғана ...

Read More »

Қытай ең ірі қалқымалы күн электр стансасын іске қосты

Қытай ең ірі қалқымалы күн  электр стансасын іске қосты

«Sungrow» фирмасы шығыс Қытайда күн панельдерінен тұратын, әлемдегі ең ірі қалқымалы экологиялық электр стансасын іске қосты. Қытай компаниясы мамандарының мәлімдеуінше бұл электр стансасы Аньхой провинциясына қарасты Хуайнань қаласының энергетикалық жүйесіне сәтті қосылған. Ол Пекиннен оңтүстікке қарай 800 шақырым аралықта орналасқан. Бұл күн электр стансасы теңіздік деп аталатынына қарамастан, ол бұрын көмір шахталары жұмыс істеген су басқан жазықта орналасқан. Жергілікті билік ...

Read More »

Алаш ардағына айналған әнші

Алаш ардағына айналған әнші

(Ғажайып тенор иесі Амангелді Сембин 18 жасында құрбысының альбомына «Ән дегенің символы екен жастық-жалын кезіңнің» деп жазыпты) Амангелді Нақыпұлы Сембин Сарысу ауданына қарасты Жайылма ауылында 1945 жылы 9 мамырда дүниеге келді. Ол алыстағы ауылда туып, өскеніне қарамастан атағынан ат үркетін Мәскеу консерваториясының вокалдық бөлімін 1970 жылы бітіріп шықты. Ал 1973 -75 жылдары Италияның Милан қаласындағы «Ла Скала» опера театрында әншілік ...

Read More »