Әдебиет

Қаратаудай арманың зор болатын

(Арғынбай Бекбосынның рухына) Парасаттың тізгінін қолға алатын, Көш бастаған көсемдей толғанатын. Қайран менің Арғынбай – асыл ағам, Қаратаудай арманың зор болатын. Сіре қардың көбесін сөгілдіріп, Тітіретіп тауды да өкіндіріп. Әрбір сөздің тірілтіп әруағын, Рубаилар жазушы едің төгілдіріп. Жол таба алмай адасып тамұқ таңда, Тоқпағы мол тағдырдан тарыққанда. Алашымның ардагер абызындай, Ақыл-кеңес берген ең зарыққанда. Қарт емендей дауылда шайқалмаған, Ащы шындықты ...

Read More »

Қаладан келген қыз (Әңгіме)

Қаладан  келген қыз (Әңгіме)

Жаңабек Шағатай, жазушы. «Я ль вам не свойский, я ль вам не близкий, Памятью деревни я ль не дорожу?..» Сергей ЕСЕНИН * * * Жазушы Жаңабек Шағатай – 1991 жылы «Көкөзек шақ» жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағы М. Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты атанған. «Бірінші кластың баласы» хикаяты «Жалын» баспасының республикалық жабық конкурсының бәйгесіне ие болған. «Ызғырық», «Қандыағаштың шоқ сырғасы» кітаптарының ...

Read More »

Жеңіс күні

Жеңіс күні

Жеңіс желі желпіп отыр баршаны, Мұндай күні желпінудің бар сәні. Төрт жыл бойы түңілдіріп соғыс сұм, Сансыз жүрек бұл күнді аңсап шаршады. Бұл күн ерек – қара бұлттар кеткен күн, Бұл күн ерек – сығалаған көктен күн. Дәл осы күн бақыт атты жыл құсы, Гүл бағында сайрап еді көктемнің. Сол бір күнді мен де күткем, сұрағам, (Сәби жүрек әзер ғана ...

Read More »

Желбіретіп бейбітшілік байрағын

Анашымның мейіріміндей дауалы, Мамыр келсе нұрға бөлер ауаны. Қалың бұлттың қабырғасын сөгілтіп, Нөсерлетіп жылы жаңбыр жауады. Жұпар исін бұрқыратып гүлінен, Жамыраған қозылардың үнімен. Мамыр келсе қызғалдақтар ән шырқап, Жапырақтар би билейді түнімен. Мамыр келсе жалын атып жанары, Жазар дәйім жүректегі жараны. Періштедей иман жүзді күлімдеп, Шақырады махаббаттың аралы. Бұлақ күліп, тау қуанып қарайды, Бақыт тілеп таң да атады арайлы. Достық, ...

Read More »

Қос қуаныш

Жанғазы АХМЕТ, ақын. Серті бар сақтауға бар ұлттың бірлігін, Сүйсінер Алашқа күллі әлем, құрлығым. Татулық тұрағы – елімнің біз кеше, Тап-таза тілекпен түргенбіз түндігін. Жалғанда ынтымақ – ырысым, құнды ұғым, Тағы бір қуаныш жан тербеп тұр бүгін. Бірліктің жыршысы, жақсылық жаршысы, «Ақ жолым», құт болсын, тоқсан бес жылдығың! Тойланса қос шаттық, салтанат құрамыз. Бірлік бұл біз үшін ең құнды мұрамыз. ...

Read More »

Наурыз

Наурыз

Ақпан кет ті араз боп наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп. Көктем жет ті көрісіп, жанын үзген, Қыс ат танды қоштасып тағы бізбен. Көктем жет ті көл-көсір шуақ қуып, Қыс барады қиылып, жылап тұрып. Шатырында үйлердің наурыз жүр, Мұз көрпесін ақпанның лақтырып. Тозған тонын бойына кие алмай бір, Қайда барса қарт Аяз сыя алмай жүр. Асқар таулар атасын шақырады, Ой ...

Read More »

Ана! Сен бақыттысың!!!

Ана! Сен бақыттысың!!!

Ана Сен бақыттысың, Жыламағың! Жай түсіп жатқанда да құламадың Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның Сондықтан жыламағың, жыламағың! Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын. Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын. Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың, Байырғы берекеңді қашырмағың. Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа Өзім кепіл тот басып, тозбасыма. Екі жыр жазсам саған бірін арнап «Ана» деп жаздым ылғи сөз басына. (Тәңірім кеше көрсін кесірімді) Аспанға ...

Read More »

Сіңлілерім, қызғалдақ-аруларым

Сіңлілерім,  қызғалдақ-аруларым

Сіңлілерім, қазғалдақ-аруларым, Бір-бірінің жандырған тәуір бағын. Қуансаңдар, көктем боп бар маңайым, Мұңайсаңдар, еріксіз ауырладым. Ұясына батқанша оралып күн, Қызығына тоймадық балалықтың. Ақ көбелек, ақ гүлдер арасында, Арманшылдау қыз болып жаралыппын. Иінағаш салып ап иықтарға, Су тасыдық тұрса да тиіп қана. Қол ұстасып барамыз шомылуға, Тұрған кезде аптаптан күйіп дала. Әке менен шешенің еркелері, Сол бір кез қандай ыстық, көркем еді. ...

Read More »

Қос қанаттың қағысы

Қос қанаттың қағысы

жазушы Көсемәлі Сәттібайұлының жаңа туындылары туралы бірер сөз Арғынбай БЕКБОСЫН. Мына қызықты қараңыз. Сонау бір заманда, шамасы сексенінші жылдардың аяқ кезінде, өзім «Ақ жол» газетіне қызметке алған, бүгінде «Ақ жолды» өзі басқарып отырған Көсемәлі… иә, Сәттібайұлы кейінгі уақытта маған… қос көрінетін болды. Қорыққаннан емес, әрине. Шығармашылық тұрғыдан. Қарымды көсемсөзші, яғни публицист Көсемәлі және шебер көркемсөзші, яғни жазушы Көсемәлі… Сол «қос» ...

Read More »