Құқық

Қадағалаудан тыс қалмайды

Облыс аумағы оңтүстіктен солтүстікке дейін 400 шақырым, батыстан шығысқа 500 шақырымға созылып жатыр, сондай-ақ солтүстігінде Қарағанды, ал, шығысында Алматы облыстарымен, оңтүстігінде Қырғыз Республикасы және батысында Оңтүстік Қазақстан облысымен шектеседі. Жалпы жер көлемі – 14 426,4 мың гектарды құрайды. Міне, осыншама байтақ жер көлемі бар облыста жер заңнамасы нормаларының бұзылуына жол бермеу және жер учаскелерін пайдалану ережелерін сақтаудың маңызы зор. Жер ...

Read More »

Полицейлердің басшылары неге пышақтасты?

Полицейлердің басшылары неге пышақтасты?

Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің басқарма басшылары мен экс-қызметкерінің ішімдік ішіп алып, бірін-бірі пышақтаған оқиғасы ел арасында қатаң сынға ұшырауда. Тамыз айының 10 жұлдызында, таңғы сағат 5.30 шамасында Тараз қаласындағы «Арай-Плаза» кешенінің қонақ үйі ауласында болған оқиға сол кешеннің бейнебақылауына жазылған. Онда облыстық ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Үмбетәлиев, Байзақ аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, ...

Read More »

Төлешовтің соты созылып барады

Шымкентте өтуі тиіс Тоқтар Төлешовтің айыптау сотын Еңбекші аудандық сотының судьясы Мырзалы Жорабаев осы іске қатысты адвокаттар сот процесіне келмей қалғандықтан кейінге қалдырды. Негізі кәсіпкер Төлешов 2015 жылы билікті күшпен басып алмақ болған және қылмыстық топ құрған деген айыппен 21 жылға сотталған болатын. Қазіргі сот отырысы оған тағылған «Террористік қауіптерді саралау орталығы» басшысы қызметін атқарып тұрған кезде салықтан жалтарған және ...

Read More »

Жер телімін «саудалаған» сазанбай

Қордай ауданындағы жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Сазанбай жер телімін «саудалаймын» деп басы дауға қалды. Нақтырақ айтсақ, ол азамат Г-дан жер теліміне және оның дүкендік кесіндісіне мемлекет тарапынан жеке меншіктік құқық беретін құрылыстың жобасына қол қою үшін заңсыз 300 мың теңге көлемінде ақша сұраған. Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстағы департаменті қылмыстық іс қозғаған болатын. Тергеу әрекеттері нәтижесінде ...

Read More »

80 мың теңге «сыйақысын» 4 миллионмен өтейтін болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысындағы департаменті қозғаған Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің басшысы К. Кушановқа қатысты пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталды. К.Кушанов лауазымды тұлға болғанына қарамастан, жеке кәсіпкерлік қызметті тоқтату үшін 80 мың теңге сомасында «сыйақы» сұраған. Бөлім басшысы 80 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды. К. Кушанов Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің ...

Read More »

Миллиондап пара алған подполковник

Миллиондап пара алған Қорғаныс министрлігінің лауазымды қызметкері Төлеміс Жанқазиев енді 12 жылын темір торда өткізетін болды. Сот осылай деп үкім шығарды. Әрі ол подполковник шенінен айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметтен аластатылып отыр. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың соңы жақсылыққа апармайтыны белгілі. Сотта осы іске қатысы бар тағы 10 адам әртүрлі жаза арқалады. Оның бесеуі кәсіпкер, қалғаны Қорғаныс пен Қаржы министрлігінде лауазымды ...

Read More »

Қауіп қайда демеңіз, желі ішінде

Адамзат ойлап тапқан технологиялардың ең озығы саналатын интернет бүгінде ғаламат күшке айналды. Біреу үшін ғаламтор қызмет бабын пайдаланатын тиімді орта болса, келесілерге уақыт өткізуге таптырмас құрал. Әйтсе де, интернеттен келетін зиян да жетерлік. Мұндай кибер қылмыспен күресу көптеген елде өзекті мәселеге айналғалы қашан?! Желі арқылы жымысқы әрекеттерін жүзеге асырып, компьютерлік тетіктердің көмегімен талайлардың қалтасын қағып кететіндердің дәурені жүріп-ақ тұр. Кибер ...

Read More »

Мақсат – азамат тардың құқын қорғау

Облыстық әділет департаменті мен «Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өңіріміздегі филиалы бірлесіп «SMALL» сауда орталығында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясын өткізді. Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, көкейлерінде жүрген сауалдарға заңгерлік көмек беру, қоғаммен байланыс орнату дейді ұйымдастырушылар. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, прокуратура, көші-қон полициясының өкілдері мен нотариус, адвокат, жеке сот орындаушылары, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік сала ...

Read More »

Нормативтік-құқықтық актілер туралы

Қазақстан Республика-сының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының (әрі қарай – Заң) 44-бабына сәйкес, нормативтік-құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу әділет органдарының актіде құқық нормасының болуы және оны мемлекеттік тіркеудің қажеттігі туралы шешім қабылдау тұрғысынан заң сараптамасын жүргізуін, нормативтік-құқықтық актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін айқындауды және мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, оны нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізуді қамтиды. Осы Заңның 1-бабының 18-тармағына ...

Read More »

Сыбайластықты сыйластықпен шатастырмайық

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселесі, ол қоғамның және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді. Әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық – ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі. ...

Read More »