Денсаулық

Ардақты ақ желеңді абзал жандар!

Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Адам өміріне арашашы абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер дегіміз келеді. «КДЛ «ОЛИМП» ЖШС Жамбыл филиалы.

Read More »

Жүректерге жол тапқан

Біз де бала болғанбыз. Үлкендер «Қазір жылағаныңды қоймасаң, доқтыр шақырамын» дегенде, қорыққанымыздан жым болатынбыз. Қазір де солай. Бала біткен ақ халаттыны көргенде бұзықтық жасамауға тырысып, тым-тырыс отыра қалады. Ал дәрігер Ардақ келгенде бәрі керісінше алыстан ағасы іздеп келгендей қуанады екен… Алғаш облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне Астанадағы «Ана мен бала ұлттық-ғылыми орталығынан» арнайы маман шақыртыпты дегенді естігенде, «өңірге келіп, еңбек ...

Read More »

Ең мәртебелі әрі ҚАЖЕТ ТІ МАМАНДЫҚ

Ең мәртебелі әрі ҚАЖЕТ ТІ МАМАНДЫҚ

Сағи Бейсенбеков, облыстық аурухананың бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты. Қай қоғамда да адамзат үшін ең қажетті, ең киелі екі мамандық иесі бар: біріншісі – дәрігер, екіншісі – ұстаз. «Білікті ұстаз – ой-сананың бапкері болса, білімді дәрігер – тәннің шипагері. Алғашқысына кездессең, жолың болады, соңғысына ұшырассаң дерттен жаның қалады» деген ата-бабамыз. Халық айтса, қалт айтпайды.

Read More »

«Болашақ» арқылы біліктілігін арт тырған

Елдің ықыласына бөленген білікті маманның бірі – Шу қалалық ауруханасының жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Бану Спанқұлова. Ол С.Асфендияров атындағы медицина университетін педиатрия мамандығы бойынша үздік тәмамдаған екен. Анестезиология-реаниматология бойынша біліктілігін жетілдіргеннен кейін осында жұмысқа орналасыпты. Тоғыз жылдан бері осы ауруханада қызмет атқарып келе жатқан дәрігер өз мамандығына адал, қашанда қарапайымдылығынан танған емес. Бану Бақтыбекқызы ауруханада жұмыс істеп жүріп-ақ, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының ...

Read More »

Дені сау ұлт – ел тірегі

Дені сау ұлт – ел тірегі

Дерекке сүйенсек, отандық медицина саласында 500-ге жуық маман жетіспейді екен. Әсіресе, дәрігерлер тапшылығы ауыл-аймақта байқалады. Осы мәселенің шешімін табу үшін Денсаулық сақтау министрлігі жоғары оқу орындарында жетіспейтін мамандарға грант көп бөліп, мәселені түбегейлі шешуді көздеп отыр. Ал біздің өңірде кадрға деген сұраныс қалай қанағаттандырылуда? Осы және денсаулық сақтау саласындағы түйткілдер туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтан сұраған едік. ...

Read More »

Медицина қызметі мінсіз болса

Қаратау қаласындағы емхананы жоғары білімді, көп жылдық тәжірибесі бар Гүлнар Қаленова басқарады. Негізінен білікті, іскер басшы кез келген істі дөңгелетіп әкететіні белгілі. Содан болар, дертіне дауа іздегендер емдеу мекемесінің мамандарына дән риза. Емхана дәрігерлерінің жұмыс кестесі мен керек ақпараттың бәрі келушілерге ыңғайлы етіп орналастырылған. Рентген, УДЗ, ЭКГ, зертхана секілді адам көбірек баратын кабинеттерде де тұрғындардың кезекке таласып, сөз түсінбей жатқанын ...

Read More »

Дәрігер – адам өміріне жауапты маман

Дәрігер – адам өміріне жауапты маман

Соңғы кездері басқа сырқатқа қарағанда жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім көбейген. Дәрігерлерді біліктіліктерін арттыруға оқуға жіберіп, «алтын сағатта» науқасқа қалай көмек көрсету керек екенін үйретіп-ақ жатыр. Тұрғындардың өз денсаулығына деген жауапсыздығынан ба, емдеу ісіндегі кемшін түсіп жатқан олқылықтан ба? Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов өңірлік үйлестіру кеңесі отырысында осы сауалды облыстық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбековке қойды.

Read More »

Кардиолог

Кардиолог

Ұлықбек: «Аспандағы жұлдыздан гөрі, қасыңдағы адамды тану қиын» деп бекер айтпаған-ау, тегінде. Қатар жүрген замандас әріптестерімнің біразын білемiн және бір тобымен аралас-құраласпын. Бір салада еңбек етіп жүргеннен кейін кейде телефон шалып хабарласып, науқастарда кездескен әртүрлі дерт мәселесі төңірегінде бір-бірімізден кеңес аламыз. Кейбір батпандап кіретін аурудың басқа ағзаларды да зақымдайтыны белгілі. Сондайда  кардиолог, гастроэнтеролог, эндокринолог сияқты маман-дәрігерді іздейміз.

Read More »

Жедел жәрдемнің Жаңа бекеті

алғашқы медициналық көмектің тиімді болуын қамтамасыз етеді Басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам болмайтыны секілді жедел жәрдем көмегіне жүгінбейтін жан жоқ. Сондай шақта уақыт та өтпей, «жедел жәрдем» көлігі де тез келмей қалатын кез де болады. Енді тараздықтар үшін бастапқы медициналық көмек біршама жеделдетіле түспек. Жақында Тараз қалалық жедел жәрдем стансасы жанынан ашылған №3 бекет орталық стансаға түсетін қоңыраулар санын азайтып, ...

Read More »

Хоспис бізге қажет пе?

обырды ерте анықтаса, емделеді Абай Нұржанов, облыстық онкология диспансерінің бас дәрігері. Жақында Тараз қаласындағы Қант зауыты аумағындағы бұрынғы онкологиялық диспансердің ғимаратында 30 төсектік хоспис ашылды. Бұл – ауыр жағдайдағы науқастардың денсаулық жағдайын уақытша жақсартуға арналған мекеме. Жалпы, үміттің соңғы жібін жалғаған мұндай мекеме қоғамға қажет пе? Бұл аурудың атауын естігеннің өзінде жұрттың үрейі ұшады. Мұндай сырқатқа шалдыққанын естігендер саналы түрде ...

Read More »