Спорт және туризм

Апайтөс, атан жілік балуан

Апайтөс, атан жілік балуан

Атақты Балуан Шолақтың кіндік қаны тамған қасиетті Мойынқұм өңірінде бүгінде өмірін спортпен байланыстырып, болашақта білекті де жүректі балуан атансам деген жастар аз емес. Солардың бірі – Абай Ерболұлы. Ол 1995 жылы Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Спортқа келуіне ағасы себеп болыпты. Жастайынан спортқа баулыған ағасы бауырынан болашақта үлкен спортшы шығады деген сеніміне ешқашан селкеу түсіріп көрмеген.

Read More »

Жамбыл спортының жұлдызы қашан да жоғары

Жамбыл спортының жұлдызы қашан да жоғары

Нұржан Жолдасбеков, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы. Жампоздарымыздың жеңісті жолы жалғасып келеді Тарихы терең, топырағы қасиетті Әулиеата өңірінің, жайсаң Жамбыл жерінің қазақ спортындағы жұлдызының жоғары екенін ешкім жоққа шығара алмас. Жалпы, еліміздің спорттағы толағай табыстары мен жетістіктері бар жаһанның назарында десек, онда көк байрақты көкке көтерген біздің рухы биік, намысы ерен жамбылдық спортшыларымыздың да үлесі ...

Read More »

Қанат Ислам WBC рейтингісінде екі сатыға жоғарылады

Қанат Ислам WBC рейтингісінде  екі сатыға жоғарылады

Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental титулының иегері Қанат Ислам (24-0, 19 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) тамыз айындағы рейтингісінде екі сатыға көтерілді. Жаңартылған рейтингіде Қанат 21-орында, ал қарсыласы Брэндон Кук (18-0, 11КО) 19-орында орналасқан. Айта кетейік, Қанат Ислам WBC ұйымының рейтингіне алғаш рет ағымдағы жылдың маусым айында ілігіп, 25-орында болған. Ал шілде айының жаңартылған рейтингінде Қанат 23-орынға ...

Read More »

Қап, әттеген-ай, «ақжайықтан» ұтылып қалдық

Қап, әттеген-ай, «ақжайықтан» ұтылып қалдық

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 23 тур ойындарында жерлестеріміздің жолы болмады. Бұл сында «Тараз» Орал жерінен келген «Ақжайық» командасын қабылдап, 0:1 есебімен қарсыластарына жол берді. Шынын айту керек, кездесудің алғашқы минуттарынан бастап-ақ қонақ команда басымдыққа ие болды. Мұндай ойын барысына дайын болмаған тараздық клуб футболшылары әрі-сәрі күйге түскенін байқау қиынға соқпады. Әйтсе де, кейінгі ойындарда жақсы өнер көрсетіп, бабы мен бағын қатар ...

Read More »

GGG – «Канело»

GGG – «Канело»

Головкиннің қарсыласы IBF ережесіне сай салмақ өлшеуге келісім берді Отандасымыз Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) кездесуінің уақыты таяған сайын бокссүйер әлеуметтің тағаты таусылуға шақ. Әлемдік деңгейдегі айтулы жекпе-жек болғалы тұрған бұл қос мықтының шаршы алаңдағы кездесуін талайлар асыға күтуде. Олардың дайындықтары, жаттығулары туралы күнделікті мәлімет, мамандар тарапынан алдын ала жасалынып жатқан ...

Read More »

Жамбылдық жампоз – күміс жүлдегер

Жамбылдық жампоз – күміс жүлдегер

жас балуан Нұрзат Сәлімбаев кадеттер арасында дзюдодан әлемнің вице-чемпионы атанды Чилидің Сантьяго қаласында кадеттер арасында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлесіміз Нұрзат Сәлімбаев (60 кг) күміс жүлдеге ие болды. Финалда ресейлік Казбек Нагушевке есе жіберген Нұрзат аталмыш жарыста ел қоржынына алғашқы медальді салды. Нұрзат Сәлімбаев алғашқы белдесуінде чилилік Алижандро Ретималды оңай жеңсе, екінші айналымда Тәжікстан елінің спортшысы Курбонали Базаровтан айласын ...

Read More »

Құралайды көзге атқан мергендер

Құралайды көзге атқан мергендер

жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирінде мықтыны анықтады Астанадағы «Қазанат» атшабарында жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирі мәреге жетті. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық турнир үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар шапшаң ату, қалқан ату және жамбы ату бойынша сынға түсіп, мықтыны анықтады. Қырағылық пен мергендікті, шапшаңдық пен мұқияттықты сынайтын бұл спорт түрінде әрбір спортшы атпен шауып келе жатып, құрулы бақан үстіндегі ...

Read More »

Жерлестеріміз үздік үштіктен көрінді

Жерлестеріміз үздік үштіктен көрінді

Алматы облысының Талғар ауданындағы ат спорты кешенінде өткен шөгеннен ІІ Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл туралы Қазақстан шөген қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады. Үш күнге созылған ел біріншілігінде алты команда бақ сынады. Олар: Оңтүстік Қазақстан облысы шөген федерациясының командасы, Ақмола облысы шөген федерациясының командасы, Аққия шөген клубы, Әулиеата шөген клубы, «Astana polo club» пен «Almaty polo club» командалары. Финалда «Astana ...

Read More »

«Селтикке» қарсы бізден кімдер ойнайды?

«Астана» футболшылары кеше Глазгоға аттанды, алда олар Чемпиондар лигасының плей-офф раундының аясында «Селтикке» қарсы ойын өткізбек. Аталмыш кездесуді барша қазақстандық футболсүйер әлеумет асыға тосып жүргені белгілі. Елорда клубы сырт алаңдағы ойынға төмендегідей құраммен аттанды. Қақпашылар қатарында Ненад Эрич, Абылайхан Дүйсен, Александр Мокин болса, Игорь Шитов, Марин Аничич, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Берік Шайыхов, Евгений Постников, Сергей Малый, Абзал Бейсебеков қорғаушылар ...

Read More »

Алтын медальға 8 боксшы таласады

Алтын медальға  8 боксшы таласады

Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты қазақ былғары қолғап шеберлері үшін табысты өтуде Филиппинде өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп келеді. Осыған дейін аталмыш байрақты бәсекенің ширек финалына он қазақстандық боксшы жолдама алса, оның сегізі финалға шығып отыр. Демек, сегіз жасөспірім спортшымыз алтынға таласады деген сөз. Филиппиннің Пуэрто Принсеса қаласында өтіп жатқан жарыстың финалында қазақстандық Ақылбек ...

Read More »