Жамбылда не жаңалық?

Талас

Газ құю бекетіне келіңіз Қаратау қаласының тұрғындары жеке автокөліктеріне газ құю үшін Тараз қаласы мен Сарысу ауданындағы газ құю бекеттеріне сабылатын. Ол мәселенің түйінін кәсіпкерлер шешіп отыр. Кәсіпкер Әшірбек Ақтаев «Ақбарыс» компаниясымен келісіп, қаладан жер телімін алып, өз қаражаттарына газ құю бекетін соқты. Енді көлік иелері сырт жаққа сабылмайтын болды. Сондай-ақ Ақкөл ауылындағы жанар-жағармай құю бекетін «Таң» компаниясы алып, жаңғырту ...

Read More »

Меркі

Жаңа балабақша есік ашты Жамбыл ауылында 75 орындық «Көгершін» балабақшасы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Оның тұсаукесер салтанатына қатысқан аудан әкімі Мейірхан Азатұлы биыл әріптестік негізінде осындай бес балалар бақшасы ашылып, 800-дей бала тәрбиеленуге алынатынын қуана жеткізді. Балабақшаға алғашқы күннің өзінде 50 бала қабылданып, өз жұмысын толыққанды бастап кетті.  

Read More »

Жамбыл

Тәулігіне 500 тонна гипс өндіруде «КазУпакТрейд» ЖШС гипс өндіретін зауыты тәулігіне 450-500 тонна құрылысқа қажетті гипс өндіруде. Ауданда, облыс аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс барысында кәсіпорынға тапсырыс берушілердің қатары артуда. Осыған орай серіктестік жылына 100 мың текше метр гипсокартон өндіретін арнайы цехты іске қосуды көздеп отыр.  

Read More »

Қордай

Темір жолдың өткізу мүмкіндігі артады Отар және Шу стансалары аралығындағы темір жолдың екінші тармағының құрылысы қызу жүргізілуде. Бұған бөлінген 16 миллиард теңгенің 11,7 миллиард теңгесі игерілген. Қыркүйек айында бітуі жоспарланған жұмыс аяқталған соң шойын жолдың өткізу мүмкіндігі артып, пойыздар осыған дейінгідей қарама-қарсы келе жатқан пойызды өткізіп жіберу үшін разъездерде уақыт жоғалтып тоқтап тұрмайтын болады.

Read More »

Мойынқұм

жиырма мың қойға қора салынады Аудандағы жаңа ірі шаруашылық – «Мойынқұм Аткорм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығын дамыту бағытында Кеңес ауылдық округі аумағынан 126 гектар жерге 20000 бас қойға арналған бордақылау базы құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Аталған серіктестік оған қоса биыл Кіші-Қамқалы ауылынан 3000 бас мүйізді ірі қара малына арналған бордақылау базының құрылысын жүргізуді қолға алды.

Read More »

Жамбыл

«Өрлеу» жобасы мұқтаждарға мүмкіндік береді Осыдан үш жыл бұрын тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек беріле бастады. Шартты ақшалай көмек – жан басына шаққандағы отбасының табысы күнкөріс деңгейінен 60 пайыз төмен отбасыларға ғана беріледі. Былтыр осы мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 152 отбасы қамтылды. Ал биыл мамыр айына дейін 114 отбасыдан 634 ...

Read More »

Талас

500 түп ағаш екті Туған ауылына игі іс жасауды мақсат еткен тараздық кәсіпкер Ержан Амалбаев Көшек батыр ауылындағы батыр кесенесінің маңайын абаттандыру үшін 500 түп ағаш көшетін тарту етті. Шөлді аймаққа төзімді ағаштармен қатар түрлі жеміс ағаштары көшеттерін ауыл тұрғындары кесене маңайына екті. Биылғыдай жауын-шашынды көктемде көшеттер көктеп, өсіп келеді.

Read More »

Т. Рысқұлов

Жаңа мешіт ашылды Луговой ауылында жаңа мешіт ашылды. Бір мезгілде 140 адам намазға тұратын мешіт үйінде құлшылық етушілерге қолайлы жағдай жасалған. «Жүсіп» мешітіне қаржылай қолдау көрсеткен жас кәсіпкер Жәнібек Жүсіповке ауыл қариялары, ақ жаулықты аналар алғысын жаудырды. Мешіттің ашылу рәсімінде исламтанушы ғалым Ерсін Әміре, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб-имамы Ержан Аманбаев, «Сұлтан» мешітінің имамы Сұлтаншәріп Жадыраев, Луговой ауылының әкімі Ербол ...

Read More »

Тараз

«Тараз-Астана-Тараз» бағытымен қосымша пойыздар жолға шығады Алдағы 1 маусымнан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін қызықтауға баратын жамбылдықтар үшін қолайлы жағдай жасамақ. Яғни, Тараз қаласынан «Тараз-Астана-Тараз» бағытына қосымша пойыздар шығарылады. Бұл қосымша пойыз облысымыздың бірнеше ауданы мен елді мекендері аумағымен өтеді.

Read More »

Т.Рысқұлов

Көкдөнендегі балабақшаға кел, балақай Бұрынғы ескі қаңырап тұрған балабақша ғимараты қайта жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өтті. Кәсіпкерлер Сайлау Ильясов пен Асқар Байсақаловтың демеушілігімен қомақты қаржы жұмсалған ғимарат заман талабына сай жабдықталған. Аудан әкімі Жарылқасын Айтақовтың қатысуымен өткен балабақшаның ашылу рәсімінде ауыл тұрғындары қос кәсіпкерге алғыстарын жаудырды. Алғашқы күні-ақ жаңа балабақшаға 100 бүлдіршін қабылданды.

Read More »